Дөңгелек үстел өткізілді

Шымкент қ.                                                      08желтоқсан 2022 жыл

«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының қатысуымен өткізілген«Дөңгелек үстел»

Дөңгелек стол отырысына «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Калмухамедович Туманбаев төрағалық етті.

— Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының Сапаны бақылау бөлімінің басшысы Елшибаев Габиден Усенович — баяндамашы;

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт  басқармасына және оған бағынысты мекемелеріне бюджеттен бөлінген қаржылардың тиімді пайдалануына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы аясында 14 ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен 1 бюджеттік бағдарлама әкімшісінде жүргізілген аудит қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды талқылау және мемлекеттік аудиторлар тарапынан бюджеттік және басқа да Заңнамалар бойынша дөңгелек стол өткізу.

Бірінші сөзді төрағалық еттуші Б.Туманбаев алып, жоғарыда аталған аудиторлық іс-шара бойынша анықталған кемшіліктерге сәйкес тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы Г.Елшибаевқа берді. 

Г.Елшибаев, аудит іс шарасы барысында орын алған кемшіліктерді айтып өтіп, бюджет қаражаты бойынша қолданыстағы бюджет және басқа да заңнамаларға түсінік беріп, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қосымша сөз алған тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы Е.Есиркепов, аудит барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын түсінідіріп өтті.

Қорытындылай келе, Г.Елшибаев Тексеру комиссиясы тарапынан жолданған нұсқама мен ұсынымды бекітілген мерзіміге дейін қолданыстағы Заңнамаға сәйкес міндетті орындалуға тиістігі түсіндірілді.

Келесі сөз кезегін басқарма басшысы Б.Туманбаев алып, алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында бюджет қаражатын жоспарлап, жаратылу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік және өзге де заңнамалары қатаң басшылыққа алып, Нұсқама мен Ұсынымда көрсетілген ескертулерді болдырмау амаладары қарастырылатын болатындығын атап өтті.

Отырыстың соңында төрағалық етуші Б. Туманбаев сөз алып, барлық қатысушылар мен шақырылғандарға алғысын білдіріп, осы отырыста айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша жолданған Нұсқамалар мен ұсыныстарды басқарманың жауапты қызметкерлері мен оған бағынысты мекемелердің басшылары және жауапты мамандарына мерзімінде және сапалы орындау бойынша тапсырмалар беріліп, бірқатар жұмыстар атқарылатындығы айтылды.