2023 жылғы 18 қыркүйекте Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласы аумағындағы ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласын бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына тиімділік аудит жүргізу» аудиторлық іс шараның нәтижесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Тексеру комиссиясының кезекті отырысына Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков, Сапа бақылау бөлімінің бас инспекторы Д.Тастанов, цифрландыру басқармасының басшысы М.Кемелов, сондай-ақ, басқарманың бөлім басшылары мен мамандары және «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ-нің басшысы А.Амиртаев, бас есепшісі А.Матжанова қатысты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне келешекте кемшіліктерді болдырмау бойынша іс шараларды орындауды жалғастыру, кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау бойынша тапсырмалар мен нұсқамалар берілді.
