«Дөңгелек үстел» Заңнамалардың қолдану тәртібі түсіндірілді

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт  басқармасына және оған бағынысты мекемелеріне бюджеттен бөлінген қаржылардың тиімді пайдалануына аудит жүргізу» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.        

Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынған және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

Шымкент қаласы бойынша

тексеру комиссиясының мүшесі                                     Н.Абдезов