Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы «Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу, оның алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек стөлге «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «ШымкентБасЖоспар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының м.а. мен жауапты қызметкерлер қатысты.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.
Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мен жұмсау мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынған және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.Абдезов