«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша «Шымкент қаласы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудитпен қамтылды.
Аудитпен 01.01.2023 жыл мен 31.12.2024 жыл аралығы кезең аралығында аудиторлық іс-шарамен қамтылған.
Жалпы жүргізілген іс-шара қорытындысымен 18 975 497,4 мың теңге бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- 2 664 335,0 мың теңге тиімсіз жоспарлануға жол берілген;
- 264 829,2 мың теңге тиімсіз пайдаланылғанға жол берген;
- 16 020 315,2 мың теңге қаржылық бұзушылық орын алған, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 15 708 613,2 мың теңге, қалпына келтірілгені 308 530,7 мың теңге, мемлкеттік аудит барысында өтелгені 3170,9 мың теңге.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітті, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне аудиторлық қорытындыдан нұсқамалар мен үзінді көшірмелер жіберілді.
Тексеру комиссиясының мүшесі А. Балықбаев


