Кітапхана саласындағы заңсыздық іс әрекеттер

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі — Көпшілік кітапханасы)2018-2021 жылдардағы қызметіне аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, Көпшілік кітапханасында 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейінгі мерзімде мекеменің бас бухгалтері Э.Б.Татыбаева 6 630,6 мың теңгені, алоның көмекші бухгалтері Б.А.Сейдалиева3 160, 4 мыңтеңге бюджет қаржысын«Халық банк» АҚ-дағы өздерінің жеке карт шоттарынажалақыдан бөлек артық заңсыз қаржы  аударыпотырған.Аудит іс-шара барысында залал толық көлемде қайтарылып,бюджеттің кірісіне алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, Абай аудандық сотының үкімімен Э.Б.Татыбаева мен Б.А.Сейдалиева кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Шымкент қаласының

тексеру комиссисының мүшесі                      А. Е. Балықбаев