Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеудің толықтығы мен уақтылығы қаржылық тексеру органдарының назарынан тыс қалмайды

2024 жылғы 19 желтоқсанда Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудит нәтижелерінің қорытындысын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысы Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібековтің төрағалығымен жүргізіліп, тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобы және 2 аудит объектілерінің, яғни  «Shymkent» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және «Аэропорт Шымкент» акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.

Аудит объектілері тарапынан коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеу кезінде төлемнің толық және уақытылы жүргізілмеу салдарынан жол берілген бұзушықтар атап өтіліп, дөңгелек стол қатысулары өзара пікір алмасты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне келешекте кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында іс-шараларды орындау бойынша ұсыныстар берілді.

????????????????????????????????????

Тексеру комиссиясының  мүшесі                             Ж.Сәдібеков