Мемлекеттік аудитпен мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2020 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 14 599 678,1 мың теңге қаржы қамтылды. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 19 041 425,2 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзушылықтарына жол берілгені анықталды (оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 14 651 225,8 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 3 646 857,5 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 743 341,9мың теңге). Анықталған барлық қаржылық бұзушылықтардың қалпына келтірілуге жататыны 14 599 678,1 мың теңге(бухгалтерлік есепті жүргізу кезіндегі бұзушылықтар), өтелуге жататыны 51 547,7 мың теңге. Аудиторлықіс-шара барысында 9 287,4 мың теңгесі өтелді. Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 12 бірлік бұзушылық фактілері орын алған. Бухгалтерлік есеп жүргізудің ережесін бұзу фактілері бойынша 1 іс Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында Шымкент қаласының әкімдігіне және Шымкент қаласының білім басқармасына нұсқама және аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.
Ноя 26 2021


