Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.4 — тармағында көзделген, атап айтқанда, мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің маманы арнайы шақыртылып, кездесу өткізілді.
Кездесу нәтижесі бойынша «Шымкент қаласы бойынша тексеру комисиясы» ММ-нің қызметкерлеріне алған түсіндірме ақпаратын назарға ала отырып, аталған құқық бұзушылықтарға жол бермеу және іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын қатаң сақтау тапсырылды.





