Мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 1.2-тармағында көзделген, атап айтқанда, Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету және енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, мемлекеттік кірістер органының мамандары арнайы кездесуге шақыртылып, декларацияны ұсыну бойынша және ұсыну барысында туындаған барлық сұрақтарға жауптар берілді.

Кездесу нәтижесі бойынша «Шымкент қаласы бойынша тексеру комисиясы» ММ-нің қызметкерлеріне түсіндірме ақпаратын назарға ала отырып, «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларациясы» туралы есептілікті мерзімінде ұсыну және тапсырылған туралы анықтамаларды персоналды басқару қызметіне жолдау тапсырылды.