«2023 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша ақпарат
«2023 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс шарасы 01.01.2023-31.12.2023 аралығына жүргізілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен жалпы 4 423 675,4 мың теңге қаржылық бұзушылық, 112 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде аудит барысында бюджетке өтелген қаржы көлемі 17 176,6 мың теңгені құрады.
Қорытынды дайындау кезеңінде Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолданған материалдарға сәйкес, он жеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.