Пресс-Релиз

«Спортшыларды, оның ішінде жоғары жетістіктер спорт саласындағы спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу»

аудиторлық іс-шарасы бойынша ақпарат

«Спортшыларды, оның ішінде жоғары жетістіктер спорт саласындағы спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық шарасымен жалпы 1 басқарма, 13 спорт мектеп және 1 олимпиада резервін даярлау орталығы аудитпен 01.01.2021-31.12.2024 жылдар аралығы қамтылды.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы қамтылған қаржы көлемі 31 167 980,0 мың теңгені құрайды. Аудитпен барлығы 106 461,2 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Қалпына келтірілуі тиіс 64 858,7 мың теңгені құраса, өтелуге жататын 41 602,5 мың теңгенің 3 791,9 мың теңгесі аудит барысында бюджетке өтелді.

Тиімсіз жоспарланған қаржы көлемі 5 090 904,7 мың теңгені құрады. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 297 269,1 мың теңгені құрады. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 44 бірлікті құрады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша шара көру үшін тиісті материалдар уәкілетті органға жолданды.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітті, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне аудиторлық қорытындыдан нұсқамалар жіберілді.

 

 

Тексеру комиссиясының  мүшесі                             Н. Омаров