Пресс-Релиз «Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, дұрыстығы» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Каратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде  2020 жылғы 1 шілдесінен бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде тиімділігі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін салықтық әкімшілендіру қызметін бағалау және талдау, салықтық түсімдердің және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, дұрыстығына 2023 жылдың 25 шілдесі  мен  2023 жылдың 27 қазан аралығында тиімділік аудиті жүргізілді. 

Аудиторлық іс-шара барысында бірқатар салық төлеушілердің бірқатар  тұлғалардың жергілікті бюджетке түсетін  жеке табыс салығы,  әлеуметтік салық, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияларын мерзімінде тапсырмағандығы, салық салынатын табыс көлемін кеміткендігі немесе нөлдік көрсеткіштермен тапсырғандығы анықталды.

Осыған байланысты салық төлеушілерге  хабарламалар жолданып, нәтижесінде жолданған хабарламалар бойынша  заңды тұлғалардың тапсырған немесе қайта тапсырған декларациялары бойынша салықтар сомасы 39 626,8   мың теңгені құрады және бюджетке  өтелді.

Бекітілген Аудиторлық қорытындыға сәйкес,аудит объектісіне тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.