«Шымкент қаласы аумағындағы ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласын бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына тиімділік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы «мемлекеттік мекемесі және «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудитпен қамтылды. Аудитпен қамтылған кезең 01.01.2020 ж мен 31.12.2022 ж бюджет қаражаты мен активтердің көлемі.886 513,0 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік аудит жүргізу кезінде 85 795,8 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тиімсіз пайдаланылған қаражат 104 334,5 мың теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар — 30 бірлікті құрады.
Қалпына келтіруге жататын сома 78 119,4 мың теңгені құрады, өтеуге жататын сома — 7 596,4 мың теңге.
Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілген материалдарға сәйкес екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітті, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне аудиторлық қорытындыдан нұсқамалар мен үзінді көшірмелер жіберілді.
Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков