Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.9-тармағында көзделген, атап айтқанда, Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тарта отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуүшін,Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы кездесуге шақыртылып, семинар өткізілді.
Кездесу нәтижесі бойынша «Шымкент қаласы бойынша тексеру комисиясы» ММ-нің қызметкерлеріне алған түсіндірме ақпаратын назарға ала отырып, аталған құқық бұзушылықтарға жол бермеу тапсырылды.
Май 26 2025