Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.4-және 2.8 тармақтарында көзделген, атап айтқанда, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастыру және мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында, семинар ретінде, экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша дінтану саласындағы маманды тарта отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін, Шымкент қаласы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы арнайы кездесуге шақыртылып, семинар өткізілді.
Кездесу нәтижесі бойынша «Шымкент қаласы бойынша тексеру комисиясы» ММ-нің қызметкерлеріне алған түсіндірме ақпаратын назарға ала отырып, аталған құқық бұзушылықтарға жол бермеу тапсырылды.