«Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығы» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге, Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығына 2021 жылдың 29 наурызы мен 2021 жылдың 31 мамыр аралығында тиімділік аудиті жүргізілді. Аудиторлық іс-шара барысында бірқатар салық төлеушілердің «жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияларын» мерзімінде тапсырмағандығы, жалпы қызметкерлер саны айлар көрінісінде аз көрсету арқылы бұрмалағаны және (немесе) нөлдік көрсеткіштермен тапсырғандығы анықталды. Осыған байланысты салық төлеушілерге хабарламалар жолданып, нәтижесінде жолданған хабарламалар бойынша заңды тұлғалардың тапсырған немесе қайта тапсырған декларациялары бойынша салықтар сомасы 124 583,5 мың теңгені құрады және бюджетке өтелді. Бекітілген Аудиторлық қорытындыға сәйкес,аудит объектісіне тексеру комиссиясының ұсынымдары жолданды.