«Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығы» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Енбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінде  2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде  тиімділігі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін салықтық әкімшілендіру қызметін бағалау және талдау, салықтық түсімдердің және жергілікті бюджетке төленетін басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының сақталуын бағалауға  мемлекеттік аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша салық және өзге де заңнамалардың бұзушылықтары анықталды оның ішінде 46 хабарлама бойынша аудит барысында 4625,9  мың теңге сомаға өтелді.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы отырысының тиісті қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітіліп, «Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Енбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не белгілі болған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру, тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарастыру, заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу  жөнінде ұсынымдар мен аудиторлық қорытынды қоса жолданды.