Сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері туралы.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан «Жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануға сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу» сараптамалық-талдау іс-шарасы 8 обьектіде, яғни «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы»,«Шымкент қаласы білім басқармасы», «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы», «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы», «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы», «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік органдар бойынша жүргізілді.

Жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы бекітіліп, анықталған кемшііліктерді жою мақсатында іс-шара обьектілеріне Ұсынымдар жолданды. 

Сонымен қатар, жүргізілген іс-шараның нәтижелері бойынша келешекте тиімсіз жоспарлауға жол бермеу және алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстелде» сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында анықталған кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Шымкент қаласы боййынша тексеру комиссиясының мүшесі

Ж.Сәдібеков