«Шымкент қалалық коммуналдық активтерінің жай-күйімен пайдалану тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу» сараптамалық-талдау нәтижелері туралы ақпарат

Сараптамалық-талдау іс-шарамен «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қамтылды.

Сараптамалық — талдамалық іс-шарасының талдау нәтижелері, коммуналдық меншіктегі активтерді пайдалану және бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан жылдан жылға дебиторлық, кредиторлық қарыздардың орын алуына жол берілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындарды басқару органдары болып табылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептердің жасалуына тұрақты бақылауды күшейту қажет.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне коммуналдық меншіктегі активтерді пайдалану және бақылау жүйесі тиімділігіне Сараптамалық-талдау жүргізіліп нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді шешу туралы ұсынымдар жолданды.