«Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне  аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

«Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне  аудит жүргізу» іс-шарасы аясында «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіде 2022 жылдың 11 шілдеден 2022 жылдың 19 тамыз аралығында тиімділік аудиті жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған бюджет қаражаттың көлемі: 6 207 503,0 мың теңге, оның ішінде 01.01-31.12.2020 жыл аралығында 1 215 132,0 мың теңге, 01.01-31.12.2021 жыл аралығында 4 992 371,0 мың теңге.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы  жалпы 1 409 874,5 мың теңге көлемінде бюджет және өзгеде заңнама талаптарының бұзушылықтарына жол берген. Оның ішінде 231 850,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғандығы және қаржылық бұзушылық 1 178 024,5 мың теңгені құраған, оның ішінде 1 134 727,7 мың теңгені құрайтын қалпына келтіретін және 123,5 мың теңгені құрайтын өтелетін қаржылық бұзушылықтар анықталған. Аудиторлық іс-шара барысында 123,5 мың теңге жергілікті бюджетке қайтарылды.. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 34 бірлікті құрады.

Тексеру комиссиясының

 мүшесі                                                                Ж. Сәдібеков