«Шымкент қаласы аудан әкімдіктеріне бағынысты мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі» аудиторлық іс-шарасы бойынша ақпарат

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Шымкент қаласы аудан әкімдіктеріне бағынысты мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі» аудиторлық іс-шарасы Шымкент қаласының Абай, Енбекші, Тұран, Қаратау аудандары әкімдерінің аппараттарының Абай, Енбекші, Тұран, Қаратау коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар саны 27 тармақ, оның ішінде қаржылық бұзушылық 14 бірлік, тиімсіз жоспарлау 6 бірлік, тиімсіз пайдалану 1 бірлік, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 6 бірлікті, оның ішінде жүйелі кемшіліктер 4 бірлікті құрады.

Анықталған бұзушылықтар сомасы 2 288 090,4 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтірілетін қаржылық бұзушылықтар көлемі 23 417,5 мың теңгені құрады, оның ішінде аудит барысында қалпына келтірілгені 7 648,4 мың теңге, бюджетке өтелуге жататын қаржы 3 962,9 мың теңге, оның ішінде аудит барысында 1 679,5 мың теңге өтелді, тиімсіз жоспарланған 2 184 270,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған 76 440,0 мың теңге.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітті, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне аудиторлық қорытындыдан үзінді көшірмелер, нұсқамалар жіберілді.

 

 

Тексеру комиссиясының  мүшесі                             Ж. Сәдібеков