Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану іс-шараларын жүзеге асыруға бөлінген қаражатқа сараптамалық-талдамалық іс-шарасы нәтижелері туралы ақпарат.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану іс-шараларын жүзеге асыруға бөлінген қаражатқа сараптамалық-талдамалық іс-шарасы «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында жүргізілді.

Жүргізілген іс-шараның нәтижелері бойынша келешекте тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға жол бермеу, жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету, отырғызу жұмыстарының сапасын бақылауды қамтамасыз етуді (отырғызылған көшеттер саны туралы сенімді ақпарат, қалыптасқан өсімдіктердің нақты пайызы, отырғызу қарқынын арттыру, күтімін күшейту, саябақтарды қорғауды), күшейту, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға дамыту бағдарламасында бекітілген индикаторлардың орындалуын бақылауды күшейту, алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында сараптамалық-талдау іс-шараның жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану іс-шараларын жүзеге асыруға бөлінген қаражатқа сараптамалық-талдамалық іс-шарасының нәтижесі туралы сараптамалық-талдау қорытындысы бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында іс-шараның объектісіне ұсыным жолданды.

????????????????????????????????????

 

         Тексеру комиссиясының мүшесі                                             А.Балықбаев