«Шымкент қаласы бойынша ҚМЖ және ЖСҚ аяқталмаған жобалар, сондай-ақ коммуналдық меншікке берілген проблемалық объектілер бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу» сараптамалық-талдау нәтижелері туралы ақпарат

Сараптамалық-талдау іс-шарамен жалпы 3 мемлекеттік аудит объектісі (мемлекеттік мекеме) қамтылды.

Сараптамалық-талдау нәтижесімен жобалау-сметалық құжаттамаларды (ЖСҚ) әзірлеуге және аяқталмаған құрылыс монтаж жобаларын (бизнес инвестициялық жоба – БИЖ) іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын игерудегі проблемалық объектілер бар екені анықталды, яғни, бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджетті атқару кезінде жұмыстардың орындалмау фактілері орын алған, межелеген жұмыстарды дұрыс жоспарламау салдарынан, бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлау және тиімсіз пайдалану жағдайы орын алған.

Қазіргі уақытта көрсетілген мәселелерді шешу үшін «Шымкент қаласындағы мәселелі (проблемалық) жобалар/объектілер жұмыстарын аяқтау туралы ЖОЛ КАРТАСЫ» бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы»,  «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемелерінде ҚМЖ және ЖСҚ аяқталмаған жобалар, сондай-ақ коммуналдық меншікке берілген проблемалық объектілер және бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне Сараптамалық-талдау жүргізіліп нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді шешу туралы ұсынымдар жолданды.