Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің

2023 жылғы негізгі қорытындылары туралы 

Тексеру комиссиясының аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметі
ҚР Президенті мен Жоғары аудиторлық палатасының алға қойған мақсаттары
мен міндеттеріне қол жеткізуге, өңірдегі қаржылық және бюджеттік тәртіпті
нығайтуға бағытталған.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы 2023 жылды
қорытындылай келе, өткен жылы мемлекеттік ресурстарды пайдалану
тиімділігіне аудит сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстарды
атқарды. Нәтижеде өткен жылы 12 аудит объектісінде 6 аудиторлық іс-шаралар
жүргізіліп, қаржылық бұзушылықтар 288,6 млн. теңгені, тиімсіз пайдаланылған
бюджет қаражатының сомасы 19 709,4 млн.теңгені құраған.
Анықталған 288,6 млн.теңге қаржылық бұзушылықтардың
144,4 млн.теңгесі бюджетке түсімдердің уақытылы және толық түспеуі,
135,4 млн. теңгесі бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың
бұзушылықтары бойынша, 8,8 млн. теңгесі бухгалтерлік есептілікті жүргізу
ережелерін сақтамауына байланысты бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі
бұзушылықтыр орын алған.
Бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептерінің бірі -бюджеттік
бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауы,
сондай-ақ, бюджет қаражатын пайдалану барысында тиімді бақылаудың
жоқтығы және сапалы мониторингтің жүргізілмеуі салдарынан орын алуда.
Қалпына келтіруге және өтелуге жататын қаражаттың жалпы сомасы
2 757,4 млн. теңгені құраған болса, оның ішінде қалпына келтірілген және
өтелген қаржы көлемі 2 395,1 млн. теңге немесе есепті кезеңге 100% құрайды,
қалған 362,2 млн. теңге қаржының қалпына келтірілуге және өтелуге мерзімі
келмеген.
Есепті кезеңде қалпына келтірілген және өтелген 2 395,1 млн. теңге қаржы
көлемінің 255,8 млн. теңгесі ақшалай түрде өтелген болса, бухгалтерлік есеп
және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі
2 139,3 млн. теңгені құраған.
Мемлекеттік аудит іс-шаралары барысында анықталған 264 рәсімдік
сипаттағы бұзушылықтарды талдасақ, олар: бюджет қаражатын пайдалану
барысында – 106, мемлекеттік сатып алу саласында – 130, қаражаттың
бюджетке түсуі кезінде – 9 және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті
жүргізу саласында – 19 бірлікті құрады.
Өткен жылы жылумен жабдықтау, тартылған қаржы қаражатын мақсатты
пайдалану және жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің
инвестициялық бағдарламаларды орындауы саласындағы басқару тиімділігі,