«Шымкент қаласы бюджетін 2022 жылға  жоспарлау барысында бюджет заңнамасының сақталуына және 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Мемлекеттік аудитпен жалпы 80 339 773,4 мың теңге бюджеттік қаржылар қамтылды. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша  54 006 481,7 мың теңгеге тиімсіз жоспарлаған қаржы анықталды. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 16 бірлікті құрады. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында Шымкент қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына және Шымкент қаласының әкімдігіне ұсынымдар жолданды.