«Шымкент қаласы бюджетін 2023 жылға жоспарлау барысында бюджет заңнамасының сақталуына және 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы жүргізілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен жалпы 59 791 172,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған, оның ішінде ағымдағы шығыстар 34 490 578,0 мың теңге және даму бюджеті 25 300 594,0 мың теңге.
Сонымен қатар, 3 бірлікті құрайтын рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектісіне нұсқама жолданды.