«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 6-бабы 2-1 тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Занының 15-бабы 1-тармағына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Занының 47-бабы 3-тармағына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/127-VIII шешімімен Айтуар Еркинбекович Балыкбаев 2024 жылғы 17 мамырдан бастап, Нурсултан Алибекович Абдезов 2024 жылғы 1 сәуірден бастап, Нуркен Зейтханович Омаров 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына бес жыл мерзімге тағайындалды.
Мар 19 2024