Шымкент қаласы мәслихатының шешімі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 24-42.33.127 хаты және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 5-12-27/759-И ұсынымы негізінде, Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/126-VIII шешімімен Нәлібаев Нұржан Абдулла Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына бес жыл мерзімге тағайындалды.