Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылуына аралық бағалау» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте индикаторларға қол жеткізу бойынша алқа мәжілісі өткізілді.
Алқа мәжілісінің отырысына «Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары және басқарманың жауапты қызметкерлері қатысты.
Алқа мәжілісі өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.
Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында индикаторларға қол жеткізу бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Шымкент қаласы бойынша тексеру
комиссиясының мүшесі Н. Абдезов


