Шымкент қаласының 2024 жылға арналған бюджетіне жоспарлау мен орындалуына жүргізілген аудит нәтижесі талқыланды
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласы бюджетін 2024 жылға жоспарлау мен орындалуы тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте тиімсіз жоспарлануына жол бермеу, оның алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек стөлге Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары және басқарманың жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.
Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынған және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Шымкент қаласы бойынша тексеру
комиссиясының мүшесі Н.Абдезов