Шымкент қаласының 2024 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит нәтижесі талқыланды

Шымкент қаласының 2024 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит нәтижесі талқыланды

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «2024 жылғы жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте тиімсіз жоспарлануына жол бермеу, оның алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек стөлге Шымкент қаласының қаржы басқармасы басшысының орынбасары, бөлім басшысы және бюджеттік бағдарлама әеімшілірінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынған және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру

комиссиясының мүшесі Н.Абдезов