Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдаушыларға 2020 жылы бөлінген субсидиялардың 4 964 562,6 мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 3 629 078,7 мың теңге көлемінде тиімсіз жоспарлауға жол берілген. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 11 бірлікті құрады. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нұсқама және аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.
Янв 24 2022


