2024 жылғы 19 желтоқсанда Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы» аудиторлық іс-шарасы бойынша «Shymkent» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы және «Аэропорт Шымкент» акционерлік қоғамы аудитпен қамтылды.
Мемлекеттік аудитпен 01.01.2021 жыл мен 31.12.2023 жыл кезең аралығы қамтылды.
Жалпы жүргізілген іс-шара қорытындысымен 8 645,1 мың теңге қаржылық бұзушылық анықталды.
Бұзушылықтар дивидендтерді төлеу кезінде заңнамаларда көрсетілген мерзімдерінен кешіктіріп төлегені салдарынан орын алған.
Қазіргі таңда, дивидендтерді төлеу кезіндегі ақшалай міндеттемелерді орындау күніне есептелген өсімпұлдар жалпы сомасы 8 645,1 мың теңге толығымен бюджетке өтелді.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітті және аудит объектілеріне аудиторлық қорытындыдан үзінділер жіберілді.
Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков