«Шымкент қаласының қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Мемлекеттік аудитпен жалпы 20 435 238,0 мың теңге бюджеттік қаржылар қамтылды. Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 946 842,5 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзгеде заңнама талаптарының сақталмауына жол берілген, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 159 235,2 мың теңге, тиімсіз жоспарлаған 703 156,0 мың теңге, тиімсіз жаратылған 84 451,3 мың теңге. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 14 бірлікті құрады. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында Шымкент қаласының Полиция департаментіне нұсқама мен аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.