Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес, «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасына бюджеттен бөлінген қаржылардың іске асырылуына тиімділік аудитін жүргізу» аудиторлық іс-шарасы жүргізілген болатын. Осы аудиторлық іс-шарамен жалпы 434 291,0 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды (2018 жылы 18 456,0 мың теңге, 2019 жылы 131 483,0 мың теңге, 2020 жылы 284 352,0 мың теңге). Оның ішінде 571,0 мың теңге республикалық бюджет есебінен, ал 433 720,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған. Аудитпен барлығы 43 314,5 мың теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2019 жылы – 39 178,0 мың теңгені, 2020 жылы – 4 136,5 мың теңгені құраған. Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтардың сомасы 46,6 мың теңгені құраған, аудит жүргізу барысында бухгалтерлік есептілік бойынша бұзушылық қалпына келтірілмеген. Жалпы қалпына келтірілетін қаржы көлемі 46,6 мың теңгені құрады. Бюджет Кодексінің тиімділік принціпін сақтамау салдарынан, 39 178,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты анықталды. Сонымен қатар, Басқарма тарапынан 4 089,9 мың теңге көлемінде мемлекеттік сатып алу заңнама талаптары сақталмай шарттар түзілген Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 5 бірлік (оның ішінде, 2018 жылы 3 бірлік, 2020 жылы 2 бірлік) бұзушылық фактілері орын алған. Жүргізілген аудиттің нәтижесімен, бухгалтерлік есеп жүргізудің ережесін бұзу фактілері бойынша 1 іс және мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзу фактілері бойынша 2 іс материалдары Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Анықталған кемшіліктерді болдырмау және алдын-алу мақсатында аудит объектісіне тексеру комиссиясының нұсқасы және аудиторлық қорытындының үзіндісі жолданды.
Ноя 19 2021


