Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп кодексін сақтау бойынша дөнгелек үстел 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы №43 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2,4-тармағында көзделген, атап айтқанда, мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру жұмыстарды іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті превенция басқарма басшысының орынбасары  Н.З.Қалдыбаевтың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Е.Нуриддиновтың қатысуларымен «Шымкент қаласы бойынша тексеру комисиясы» ММ-нің қызметкерлерімен дөңгелек үстел аясында кездесу өтті (бейнероликтер көрсету арқылы).