Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының, сонымен қатар аталған жүйеге кіретін Тексеру комиссияларының миссиясы — сәйкестендірілген аймақтардағы қаржы тәртібін нығайту және де экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметі ҚР Президенті мен Есеп комитетінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге, өңірдегі қаржылық және бюджеттік тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Айта кететін елеулі негіз, ол Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V ҚРЗ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына (әрі қарай — Заң) сәйкес, Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит (тексеруді) жүргізуді тәуекелдерді басқару жүйелері негізінде және тиісті жылға қалыптастырылған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырады. АталғанЗаңның50-бабы 3-тармағындаМемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді делінген.
Анықтамалық ақпарат ретінде айта кететін болсақ, ағымдағы жылдың 9 айында Тексеру комиссиясына жалпы саны 21 заңды тұлға өкілдері мен жеке тұлғалардан жүгінулер келіп түскен. Аталған өтініштерде сипаты бойынша мынадай мәселелер көтерілген: 5 – бюджет қаражатынның, соның ішінде жергілікті бюджеттің жұмсалу фактілері бойынша тексерулер жүргізу, 4 – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының қызметі, 3-ден – денсаулық сақтау саласы мен монополияға қарсы саласы, 2-ден – білім саласы мен әлеуметтік қорғау саласына, 1-ден – еңбек заңнамасы мен сауда саласының мәселелері.
Бұл ретте, арыз-өтініштердің көпшілігін жергілікті жердегі түрлі мемлекеттік органдар шешуі тиіс, бұл өңірлік басқармалардың (бөлімдердің) азаматтар мен бизнестің шағымдарына назарының жеткіліксіз екендігін айқындауда.
Шымкент қаласы бойынша
Тексеру комиссиясының Аппарат басшысы
Т. Сартаев