Тәуелсіздік күнімен құттықтау және мекеме қызметкерлерін марапаттау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, бейбітшілігіміз мәңгі болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бай-қуатты болсын! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған Тексеру комиссиясы ұжымында салтанатты жиналыс өткізілді, мемлекетіміздің көркейе беруіне және өз қызметтерін жоғары деңгейде атқарған қызметкерлерге марапаттау рәсімі өткізілді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен Балқыбеков Марат Тәліпұлы марапатталды; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен Өтебаев Әділ Әбдіқалықұлы марапатталды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлері «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының және Шымкент қаласы Мәслихатының Алғыс хаттарымен және Тексеру комиссиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.