Тәжірибе алмасу

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының ынтымақтастығы, тәжірибе алмасу туралы бірлескен іс-шаралар жүргізу жөніндегі Меморандум» аясында, ағымдағы жылғы қараша  айының 23 мен 24 жұлдызы аралығында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы Қалдарбеков және Аппарат басшысы Мирамбек Ахметұлы Сатлабаев Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясына тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарда болды. Кездесулер барысында: Тәуекелдерді басқару жүйесін жасақтау, Бюджетті ағымдағы бағалау және   Келер жылға бекітілген бюджетті бағалау мен талдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Тексеру комиссияларының қызметін бағалау мәселесіне қатысты туындайтын мәселелер бойынша тәжірибе алмасулар орын алды. Жалпы пікір алмасу сухбаттары барысында қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит іс-шаралары бойынша  тәжірбиелік мастер-класстар көрсетіліп, қорытындысы екі тарапқа да пайдалы болғаны сөзсіз.