Тәжірибе алмасу

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының ынтымақтастығы, тәжірибе алмасу туралы бірлескен іс-шаралар жүргізу жөніндегі Меморандум» аясында, ағымдағы жылғы қараша айының 25 мен 27 жұлдызы аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Р. Қ. Төлебаев, комиссия мүшелері А. Ж. Құмаров пен Н. А. Қонысовтар Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясына тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапарда болды. Кездесулер барысында: Тәуекелдерді басқару жүйесін жасақтау, Бюджетті ағымдағы бағалау және Келер жылға бекітілген бюджетті бағалау мен талдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Тексеру комиссияларының қызметін бағалау мен Әкімшілік істерді қозғау кезінде туындайтын мәселелер бойынша тәжірибе алмасулар орын алды. Жалпы пікір алмасу сұхбаттары барысында қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит іс-шараларының біршама тәжірбиелік мастер-класстар көрсетіліп, қорытындысы екі тарапқа да пайдалы болғаны сөзсіз.