Тексеру комиссиясының мүшелері

Сәдібеков Жеңіс Жақсылықұлы

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Жалпы мәлімет, білімі

1975 жылы 07 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары: 1996 ж. — Қызылорда политехникалық институты «Экономист-менеджер» мамандығы,

2014 ж. — М.Сапарбаев атындағы ОҚМИ «Құқықтану» мамандығы.

Мансап:

1996 — 1997 жж. Қызылорда политехникалық институты «Агро-өнеркәсіп саласындағы экономика және менеджмент» кафедрасының ассистенті;

1997 — 1998 жж. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Жалпы экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы;

1998 — 2001 жж. Қазақ мемлекеттік басқару Академиясының аспиранты;

2001 — 2003 жж. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеу басқармасы еңбекті нормалау бөлімінің бас маманы;

2003 — 2006 жж. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек көші-қоны және шетел жұмыс күшін лицензиялау бөлімінің бастығы;

2006 — 2009 жж. «БС-НТ» ЖШС-ның директоры;

2009 — 2012 жж. Шымкент қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі;

2012 — 2020 жж. аралығында Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының басшысы;

2020 — 2025 жж. аралығында «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ комиссия мүшесі;

2025 ж. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы;

2025 жылдан бастап «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ комиссия мүшесі;

Балыкбаев Айтуар Еркинбекұлы

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Жалпы мәлімет, білімі

1963 жылы 01 ақпанда Шымкент облысы, Ленгер ауданы, Нестеровка ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы экономист.

Бірнеше халықаралық «Asosai», «CIPFA DipIPSAS», «CIPFA Audit & Assurance» және мемлекеттік аудитор, мамандырылған бухгалтер сертификаттарының иегері.

Мансап

Еңбек жолын қаржы саласында 1982-2000 жылдар аралығында бірнеше мекемелерде «Луч» Ленгер тігін фабрикасында, «Қазығұрт» совхозында, «Шымкент нан» АҚ-да, аға бухгалтер, бас бухгалтері, Ленгер қалалық қаржылық бөлімінің бас-тексеруші-инспекторы, Төле би аудандық қаржылық бөлімінің бас экономисті, Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасында бас тексеруші-инспекторы болып қызмет атқарған.

2000-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде, бас бақылаушы- тексеруші, бас консультант — мемлекеттік аудиторы қызметін атқарған. 16.05.2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ комиссия мүшесі болып жұмыс атқаруда.

Әбдезов Нұрсұлтан Әлібекұлы

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Жалпы мәлімет, білімі

1975 жылы 10 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары: 1996 ж. — Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты , «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы;

2005 ж. — Қарағанды экономикалық университеті , «Құқықтану» мамандығы.

Мансап:

1996 — 2000 жж. Оңтүстік Қазақстан областық мемлекеттік пошта байланыс кәсіпорнының бухгалтері;

2000 — 2009 жж. ОҚО бойынша қаржы және салық полиция органдарында қызмет;

2009 — 2012 жж. салық органдарында қызмет;

2014 — 2015 жж. кәсіпкерлік субъектілерде қызмет;

2015 — 2019 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы заң қызметінің бас маман-заң кеңесшісі, заң қызметінің басшысы, әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы;

2019-2024 жж. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мүшесі

2024 жылдан бастап «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мүшесі.

Омаров Нұркен Зейтханұлы

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Жалпы мәлімет, білімі

1967 жылы 01 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында дүниеге келген.

1991 ж. — Алматы халық шаруашылығы институты «Экономист» мамандығы;

2001 ж. — ҚР ІІМ Қарағанды заң институты «Құқықтану» мамандығы.

Мансап:

1991 — 1996 жж. Көкарал с/з басқармасының мат. бас есепшісі;

1996 — 1997 жж. Байарыстан ӨК бас есепшісі;

1997 — 2007 жж. Қаржы полициясы қызметкері;

2008 — 2010 жж. Шымкент қаласы бойынша салық басқармасында салық аудиті маманы;

2010 — 2012 жж. ОҚО бойынша Салық департаментінің Ордабасы ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары;

2012 — 2013 жж. ОҚО бойынша Салық департаментінің Сайрам ауданы Салық басқармасында бөлім басшысы;

2013 — 2017 жж. ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бөлім басшысы;

2017 — 2021 жж. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Арыс қаласы, Төле би, Қазығұрт аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшысы;

2021 — 2021 жж. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы;

2021 — 2023 жж. «Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ заң қызметінің басшысы;

2023 — 2023 жж. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы;

2023 — 2024 жж. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы;

2024 жылдан бастап «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ комиссия мүшесі.