«Жануарларды қорғау, оның ішінде панасыз жануарларды аулау, ату, оларды зарарсыздандыру, вакцинациялау, уақытша ұстау туралы нормаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдалануын талдау» сараптамалық — талдау іс шарасы бойынша ақпарат
2025 жылдың II тоқсанында Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Жануарларды қорғау, оның ішінде панасыз жануарларды аулау, ату, оларды зарарсыздандыру, вакцинациялау, уақытша ұстау туралы нормаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдалануын талдау» сараптамалық-талдау іс-шарасы жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен 01.01.2021 жылдан 31.12.2024 жылдар аралығы қамтылды. Жалпы, жүргізілген сараптамалық – талдау іс-шарасының қорытындысымен тиімсіз жоспарланған қаржы көлемі 577 433,5 мың теңге құрады.
Бұзушылықтар жануарларды қорғау туралы, оның ішінде үйсіз жануарларды аулау, ату, оларды зарарсыздандыру, вакцинациялау, уақытша ұстау туралы нормаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, пайдалану салдарынан орын алған.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысын бекітті және аудит объектісіне қорытындыдан үзінді көшірме жіберілді.
Апр 30 2025