«Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасы жүргізілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен жалпы 47 240,4 мың теңге бюджет және қолданыстағы өзгеде заңнама талаптарының сақталмауына жол берілген, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 10 232,4 мың теңге, бюджет қаражатының тиімсіз пайдалану 23 967,0 мың теңге, бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлау 13 041,0 мың теңге.
Сонымен қатар, 11 бірлікті құрайтын рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектісіне нұсқама жолданды.
Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Садибеков


