Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі талқыланды

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит» іс-шарасының нәтижелері бойынша және келешекте тиімсіз пайдалануына жол бермеу, оның алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдардың қатысуымен алқа мәжілісі өткізілді.

Алқа мәжілісінде Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары және басқарманың жауапты қызметкерлері қатысты.

Алқа мәжілісі өткізу барысында аудит іс шараларын жүргізу кезіндегі кемшіліктер талқыланып, заңнамалардың қолдану тәртіптері түсіндірілді.

Қатысушылар мен жүргізушілердің арасында жергілікті бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынған және өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

 

 

Шымкент қаласы бойынша тексеру

комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібеков