«Жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануға аудит іс-шарасы» аудиторлық іс-шарасы бойынша ақпарат

2024 жылғы 11 желтоқсанда Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының «Жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануға аудит іс-шарасы» аудиторлық іс-шарасы бойынша «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы», «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы», «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы», «Шымкент қаласы білім басқармасы» және «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемелері жауапты қызмекерлерінің қатысуымен отырыс өткізілді.

Мемлекеттік аудитпен 01.01.2018 жыл мен 31.12.2023 жыл кезең аралығы қамтылды.

Жалпы жүргізілген іс-шара қорытындысымен 441 643,5 мың теңге тиімсіз жұмсалған қаржы анықталды және оның ішінде 14 ЖСҚ бойынша соттың ұйғарымына сәйкес, бюджетке қайтарылуы тиіс қаржы 138410,2 мың теңге (бюджетке 2023 жылдың 31 желтоқсанына өндірілмеген). Алайда бүгінгі таңға 109 254,5 мың теңге сот орындаушылар тарапынан өнідірілген, ал қалған 29 155,7 мың теңгесі өндірілу барысында және саны 1 бірлікті құрайтын рәсімдік бұзушылықтарға жол берген.

Бұзушылықтар әзірленген ЖСҚ-ларды іске асырмауынан және қаржыландыру болмағандықтан орын алған.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітті, анықталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінді көшірмелер жіберілді.

 

 

Тексеру комиссиясының  мүшесі                             Ж.Сәдібеков