2024 жылғы 11 желтоқсанда Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығы» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудит нәтижелерімен анықталған бұзушылықтардың қорытындысын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысы Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Сәдібековтің төрағалығымен жүргізіліп, тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобы және 8 аудит объектілерінің, яғни «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы», «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы», «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы», «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы», «Шымкент қаласы білім басқармасы» және «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты.
Ж.Сәдібеков өз баяндамасында аудит іс-шарасының нәтижесі бойынша анықталған жүйелі кемшіліктерге тоқталды, бірнеше басқармада ЖСҚ әзірлеуде жұмсалған қаржы тиімсіз жартылғаны анықталды.
Сондай-ақ, ЖСҚ әзірлеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану факторларының бірі кейіннен іске асыру мүмкін болмай қалатын жобалардың жиі әзірленуі немесе оларды одан әрі іске асыруға қаражаттың бөлінбейтіндігі болып табылады.
Осы жағдайларды талқылай келе, басқармалардың өкілдерімен пікір алмасты.
Баяндамашының, қосымша сөз сөйлегендердің ұсыныс-пікірлері және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптары, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының, Бюджет қаражатының жоспарлау және пайдалану кезінде тиімділік және нәтижелілік қағидаттарын сақтау мақсатында, әрі бюджеттік өтінімдердің сапалы әзірленуін қамтамасыз ету үшін бюджеттік заңнама талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Семинар кеңес төрағасы Ж.Сәдібеков
Хатшы Г.Бармакова