Мемлекеттік қызметшінің беделі

Тиімді басқару құрылымы мен жоғарғы кәсіби мемлекеттік қызметті құру, мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін мемлекеттің алдында тұрған мақсаттардың бірі болып табылады. Аталған сұрақта маңызды қадамдардың бірі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің жағымды беделін қалыптастыру болып саналады. Мемлекеттік қызметшілердің беделін қалыптастыруда идеологиялық, саяси және мәдени аспектілер қарастырылады. Мемлекеттік қызметшілердің жағымды беделін қалыптастыру – ұзақ және күрделі процесс. Мемлекеттік қызметшілердің жағымды беделін қалыптастыру процессі атқарушы биліктің саяси беделімен де тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің жағымды беделінің негізгі көрсеткіштері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінде анықталған: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды». Бүкіл әлемде мемлекеттік сектор әрқашанда қоғамдық өмірдің басты назарында. Басқару құрылымын жетілдіру, нығайту, мемлекеттік қызмет саласында реформалар жасау жемісті болмайды, егер мемлекеттік қызметшілерге қоғамның жемқорлық, бюрократиялық, кәсіби емес деген теріс пікірде болса. Мемлекетті тиімді басқару үшін мемлекттік қызметшілердің негізгі қасиеттері, Бұл-жоғарғы моралді жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білуі, адал ниетті, белсенді өмірлік ұстаным. Әрбір мемлекеттік қызметтегі адам өз жұмысының маңыздылығын түсіну қажет және өз мемлекетінің патриоты болуы қажет.Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын қатаң сақтау

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі  Т.Сартаев