Об основных итогах деятельности ревизионной комиссии по городу Шымкент за 2023 год

Тексеру комиссиясының аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметі
ҚР Президенті мен Жоғары аудиторлық палатасының алға қойған мақсаттары
мен міндеттеріне қол жеткізуге, өңірдегі қаржылық және бюджеттік тәртіпті
нығайтуға бағытталған.
Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы 2023 жылды
қорытындылай келе, өткен жылы мемлекеттік ресурстарды пайдалану
тиімділігіне аудит сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстарды
атқарды. Нәтижеде өткен жылы 12 аудит объектісінде 6 аудиторлық іс-шаралар
жүргізіліп, қаржылық бұзушылықтар 288,6 млн. теңгені, тиімсіз пайдаланылған
бюджет қаражатының сомасы 19 709,4 млн.теңгені құраған.
Анықталған 288,6 млн.теңге қаржылық бұзушылықтардың
144,4 млн.теңгесі бюджетке түсімдердің уақытылы және толық түспеуі,
135,4 млн. теңгесі бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың
бұзушылықтары бойынша, 8,8 млн. теңгесі бухгалтерлік есептілікті жүргізу
ережелерін сақтамауына байланысты бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі
бұзушылықтыр орын алған.
Бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептерінің бірі -бюджеттік
бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауы,
сондай-ақ, бюджет қаражатын пайдалану барысында тиімді бақылаудың
жоқтығы және сапалы мониторингтің жүргізілмеуі салдарынан орын алуда.
Қалпына келтіруге және өтелуге жататын қаражаттың жалпы сомасы
2 757,4 млн. теңгені құраған болса, оның ішінде қалпына келтірілген және
өтелген қаржы көлемі 2 395,1 млн. теңге немесе есепті кезеңге 100% құрайды,
қалған 362,2 млн. теңге қаржының қалпына келтірілуге және өтелуге мерзімі
келмеген.
Есепті кезеңде қалпына келтірілген және өтелген 2 395,1 млн. теңге қаржы
көлемінің 255,8 млн. теңгесі ақшалай түрде өтелген болса, бухгалтерлік есеп
және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі
2 139,3 млн. теңгені құраған.
Мемлекеттік аудит іс-шаралары барысында анықталған 264 рәсімдік
сипаттағы бұзушылықтарды талдасақ, олар: бюджет қаражатын пайдалану
барысында – 106, мемлекеттік сатып алу саласында – 130, қаражаттың
бюджетке түсуі кезінде – 9 және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті
жүргізу саласында – 19 бірлікті құрады.
Өткен жылы жылумен жабдықтау, тартылған қаржы қаражатын мақсатты
пайдалану және жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің
инвестициялық бағдарламаларды орындауы саласындағы басқару тиімділігі,

сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы бюджет
қаражатының және мемлекет активтерінің пайдалануына, Шымкент қаласы
аумағындағы ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласын
бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға және «Цифрлық Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына бөлінген қаржыларды
пайдалану тиімділігі бойынша бірқатар маңызды аудиторлық іс шаралар
жүргізілген.
Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның, соның
ішінде концессиялық жобаның іске асырылу тиімділігін талдау және бағалау
мәселесі бойынша Жоғары аудиторлық палатасымен бірлескен аудит жүргізіліп,
аудит нәтижесімен 89 994,7 мың теңге тиімсіз жоспарланғаны анықталды.
Есепті кезеңде аудиторлық іс шаралар қорытындысымен мемлекеттік аудит
объектілеріне жалпы 30 Нұсқамалар мен 6 Ұсынымдар жолданды, оның ішінде,
мерзімі келген тапсырмалар мен ұсынымдар 100% орындалды.
Аудит нәтижесімен қалыптастырылған қорытындылардағы Біздің
ұсыныстарымыз өңірдегі қаржылық тәртіпті күшейтуге ғана емес, сондай-ақ,
экономика салаларындағы заңнамалық актілерді жетілдіруге, бюджет
ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылатуға, мемлекеттік басқарудың
тұрақты және тиімді жүйесін құруға да бағытталғандығын атап өткен жөн.
Жүргізілген аудит қорытындысымен өткен жылы жалпы саны
110 лауазымдық тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған,
оның ішінде 30 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке,
80 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Шымкент қаласы
бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 76 материал жолданып,
барлық материалдар бойынша 7,6 млн. теңге айыппұл салынған. Тексеру
комиссиясы тарапынан 4 материал бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы хаттама тотырылып, соттың қарауына жолданып, 690,0 мың теңге
айыппұл салынды.
2023 жылы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыстар
жалғасытырылып, Жоғары аудиторлық палатаға, Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне және
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне мемлекеттік
аудит және қаржылық бақылау туралы қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу бойынша жалпы 15 ұсыныстар жолданды.
Жыл сайын Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы
қызметкерлерінің біліктілігі арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше
көңіл бөлінуде. Оны іске асыру мақсатында тексеру комиссиясымен 2022-2024
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілген.

С

ондай-ақ, 2024 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Алихан Асханұлы Смаиловтың
төрағалығымен және ҚР Қаржы министрлігінің өкілдерінің, өңірлік тексеру
комиссияларының басшыларының қатысуымен өткізілген мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің 12 отырысына
қатыстым. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Тексеру комиссияларының, ҚР
Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2023 жылғы
қызметін бағалау қорытындысы қаралып, республикадағы Тексеру
комиссияларының арасында Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы
4 орынға ие болды.
Тексеру комиссиясының алдында тұрған 2024 жылға арналған негізгі
міндеттердің бірі – еліміздің табысты дамуында әлеуметтік-экономикалық
маңызы бар аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралар кешенін жүргізу
бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын одан әрі орындау болып
табылады.
Тексеру комиссиясымен кейінгі уақыттарда өз қызметінің барлық
бағыттарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Шымкент қаласы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы
Н. Налибаев