«Шымкент қаласының білім беру мекемелеріне материалдық-техникалық жарақтандыруға және цифрлық технологияларын енгізуге бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасын және мемлекеттік тиімділік аудитін жүргізу» аудиторлық іс-шарасы жүргізілді. Аудиторлық іс-шарамен жалпы 1 мемлекеттік аудит объектіcі және 69 үстеме аудит объектілері қамтылды. Аудиторлық іс-шарасы бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 3 827 807,3 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 1 621 778,6 мың теңгені (оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 638 267,9 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 489 163,8 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы 494 346,9 мың теңге) құраған. Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 160 бірлік бұзушылық фактілері орын алған. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 638 267,9 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны 637 170,4 мың теңге, өтелуге жататыны 1 097,5 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 1097,5 мың теңгесі өтелді. Қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы 637 170,4 мың теңгені құрады. Аудиторлық іс-шара барысында көптеген білім беру мекемелерінде бухгалтерлік есептер дұрыс жүргізілмеуі, оның ішіне тозығы жеткен тауарлырды есептен шығырылмауы, құрылыс аяқталған нысандарды және жер телімдердің кіріске уақытылы алынбауы, сондай-ақ, материалдық құндылықтардың пайдаланылмай қоймада тұрғандығы анықталды. Жоғарыда аталған кемшіліктерге жол лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 66 материал жолданды. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының білім беру мекемелеріне материалдық-техникалық жарақтандыруға және цифрлық технологияларын енгізуге бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасын және мемлекеттік тиімділік аудитін жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.
Тексеру комиссиясының мүшесі А.Балықбаев